ҚҰЖАТТАМАҒА ҚОСЫМША
|
Компания туралы«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы әділет Департаменті Созақ ауданының әділет Басқармасымен 2006 жылғы 10 сәуірде тіркелді, мемлекеттік тіркеу туралы № 96-1958-13-ТОО куәлік.
«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-ның басқару мен бақылау органдары мыналар болып табылады:
- Қатысушылардың жалпы жиналысы - Серіктестіктің жоғары органы ;
- Бас директор — серіктестіктің атқарушы органы;
- Тексеру комиссиясы — Серіктестіктің бақылаушы органы.
«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-ның жоғары басқару органы болып қатысушылардың Жалпы жиналысы болып табылады. Оның айрықша құзыретіне ағымдағы басқару жұмыстарды және істерді жүргізуді жүзеге асыратын Бас директорды сайлау болады.
«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС мынадай жұмыстармен айналысады:
-кешенді материалдық –техникалық қамтамасыз ету және көлік –жөнелту қызмет көрсету ;
- ядролық материалдарды, уран және оның қоспаларын және басқа тауарлар мен жүктерді тасымалдау ережелері мен жүк тасымалдауды және жүк қабылдауды реттейтін басқа нормативтік-заңдық актілеріне сәйкес тасымалдау;
- жүкті уақтылы жеткізуді бақылау;
- кеден және жүкке қатысты басқа да нысандылықты жасау;
- жүктің саны мен жағдайын және көлік орауының жағдайын тексеру;
- жүкті тиеу және түсіру;
- жүкті сақтау;
- аммиак суын дайындау және сату;
- дайын өнімдерді жөнелту және кеден мен басқа да дайн өнімді жөнелтуге қатысты нысандылықтарды жасау;
- басқа функцияларды жүзеге асыру: қабылдау, сақтау, темір жол және автомобиль көлігімен жүкті жеткізу бойынша үшінші тұлғаларға қызмет көрсету; автокөлік құралдары мен тетіктерді жөндеуді жүзеге асыру, жана-жағар майларды құю; жол-жөндеу қызметтерін көрсету; автокөлік құралдарын жалға беру; тұрақтарды беру; персоналды тасымалдау;
- белгіленген тәртіпте алған лицензия бар болғанда серіктестіктік құқылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын барлық жұмыстардың түрімен;
- еңбекті қорғау, жұмысшылар мен халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі ережелерге, стандарттарға және нормаларға сәйкес ластанудан және басқа да зиянды әсер етуден қоршаған ортаны қорғау;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тиым салынбаған басқа жұмыс түрлерін жүзеге асыру;
- өндірістік іс-әрекетті метрологиялық және нормативтік қамтамасыз ету.
«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС жүктерді өңдеу, сақтау және жеткізу бойынша қызмет көрсетеді, сондай-ақ ресімделген лицензияларға сәйкес «ТКК» кәсіпорын топтарымен және басқа ұйымдармен жасасқан келісімшарттар негізінде автокөлік қызметтерін көрсетеді.
- қауіпті жүктерді тасымалдауға құқық беретін OGT № 004120 лицензия;
- жолаушыларды тасымалдауға құқық беретін AVT №000480 лицензия;
- жүктерді тасымалдауға құқық беретін AVT №000479 лицензия .
- жарылыс- өртке қауіпті өнеркәсіптік өндірістерді, көтерме ғимараттарды, сондай –ақ, қысымда жұмыс жасайтын қазандық, ыдыс пен өткізгіш құбырларды пайдалануға рұқсат беретін лицензия № 000411 лицензия;
- электротехникалық жүйелерді және шағын станцияларды пайдалануға рұқсат беретін № 000413 лицензия;
- радиактивті материалдарды тасымалдауға рұқсат беретін ГЛА №0001339 лицензия;
- прекурстардың айналымына байланысты қызметтерге рұқсат беретін Р № 938 лицензия;
- көтерме ғимараттарын(өзі жүретін көтерме крандарды) пайдалануға рұқсат беретін ГПС № 0001345 лицензия.
Жүк Жанатас стансасы мен Шиелі кентінен Серіктестіктің теміржол локомотивты көлігімен жеткізіледі. Келген жүк тасымалдау базасы қоймасының жұмыскерлерімен түсіріледі, сақталады, жіберіледі және Компанияның тапсырыстары бойынша тапсырыс берушінің қоймасынан автомобиль көлігімен «ТКК» кәсіпорындар тобына және басқа ұйымдарға жеткізіледі.
«ТКК» кәсіпорындар тобына автокөлік қызметтері - автобус, шаруашылық, арнайы парктердің және ДСМ парктердің қызметтері олардың айлық өтінімдеріне сәйкес көрсетіледі.
«Гемба Кайдзен» жүйесін іске қосу бойынша жұмысты оңтайлы ұйымдастыру үшін СКК –ның жұмыскерлері топқа бөлінген(сапа топтары). Сапа топтары кәсіпорынның учаскелерінде, цехтарда ұйымдастырылған, олардың құрамына белсенді қызметкерлер енеді. Әр сапа тобына өндірістік мәселелерді шешу үшін жұмыстың стратегиялық, сондай-ақ шұғыл жоспарлар әзірленеді. Филиалдар мен сапа топтарының стратегиялық және тақырыптық жоспарлар, рационализаторлық және өнертапқыштық ұсыныстар берудің динамикасы және талдауы орын алған «Гемба Кайдзен» жаңа тақталар дайындалып, ресімделді. Құрмет тақтасында «Кайдзен» жүйесін іске қосу бойынша фотоматериалдар орын алды.
|